08:00 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қытайдағы коронавирус (54)
1588 0 0

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта Қытайдың Ухань қаласында 98 қазақстандық студент бар

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Ухань қаласындағы өз азаматтарын арнайы бортпен эвакуациялауға дайын. Осыған орай, Қытайға арнайы нота жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, күні кеше Қытайда шетелдік дипломаттардың қатысуымен арнайы брифинг ұйымдастырылды. Сол жерде Қытай елшілігі коронавирусқа қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берген.

"Енді, олар бәрін бақылауда ұстап отырмыз деді. Барлық шараның қабылданғанын айтты. Сосын өзге елдің азаматтары тұрғылықты жері бойынша ешқайда шықпаса екен деген өтінішін жеткізді. Бірақ шет мемлекеттер өтініш білдірсе, эвакуация мәселесін қарастыруға дайын екен", - деді Нұрышев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты Қазақстан Қытайға ресми нота жолдап, Ухань қаласындағы студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтауға кірісті.

"Уханьда 98 қазақстандық студент бар. Қазіргі кезде дипломаттар әрбіреуіне қоңырау шалып, үйге қайту мәселесін талқылап жатыр. Олардың ниеті ескеріледі. Сөйтіп, үйге қайтқысы келетін студенттердің санына қарай арнайы бортты жіберу жағы қарастырылады. Дипломатиялық рұқсат беру мәселесі Қытаймен келісіліп жатыр", - деп атап көрсетті Нұрышев.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы "жауып" тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы жабылды. Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмды. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған. 

Тақырып:
Қытайдағы коронавирус (54)

Тақырып бойынша

"Қорқынышты": Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты - видео
Тоқаев: Қытайда жүргенде жемқорларды қалай ататынын көрдім
Қытайда 18 жастағы жігіт жазықсыз өлім жазасына кесілгені анықталды
Путиннің "кружкасы" Қытайда дүрбелең тудырып, кәсіпкерлерді байытты – видео
Қытайдан ұшып келген төрт адам ауруханаға жатқызылды
Кілт сөздер:
Қытай
Загрузка...

Басты тақырып