https://sputnik.kz/20200129/Atyrau-bas-salykshy-12679391.html
Атырауда бас салықшының ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Атырауда бас салықшының ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Күдікті өзіне бағынышты қызметкерден оған қамқорлық көрсетіп, қызметте жоғарылату үшін 10 мың АҚШ долларын талап еткен 29.01.2020, Sputnik Қазақстан
2020-01-29T09:24+0500
2020-01-29T09:24+0500
2022-02-02T09:45+0500
https://sputnik.kz/img/362/13/3621305_0:48:4929:2820_1920x0_80_0_0_37607021b366e915f52fe998a093de0c.jpg
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/362/13/3621305_259:0:4632:3280_1920x0_80_0_0_a2cba8ed0ef302eaa2732ffa57ef3d00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
атырау
Атырауда бас салықшының ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
09:24 29.01.2020 (жаңартылды: 09:45 02.02.2022) Күдікті өзіне бағынышты қызметкерден оған қамқорлық көрсетіп, қызметте жоғарылату үшін 10 мың АҚШ долларын талап еткен
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқорлығы үшін талап еткен 10 мың АҚШ долларының 3 мыңын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған", - деп хабарлады агенттік.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.