Қоғам

Атырауда бас салықшының ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLАрест, наручники
Арест, наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті өзіне бағынышты қызметкерден оған қамқорлық көрсетіп, қызметте жоғарылату үшін 10 мың АҚШ долларын талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқорлығы үшін талап еткен 10 мың АҚШ долларының 3 мыңын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған", - деп хабарлады агенттік.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Жаңалықтар
0