13:39 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1391)
482801

Туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген.

Скорые дежурили у аэропорта Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы әуежайының жанында жедел жәрдем кезекшілік жасады

Әуежайға кіреберісте екі жедел жәрдем көлігі тұрды. Алайда туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген.

"Ұшақта тіпті ешкім түшкірмеді. Бізді баспасөздің хабарламасы шошытты. Зәреміз ұшты, ештеңе жеген жоқпыз (экзотикалық). Бетперде мен көзілдірік киіп жүрдік. Ол жақта 20 қаңтардан бері болдық", - дейді Хайкоудан (Хайнань аралындағы қалалық округ) келген қазақстандық Арнай.

Ол сонымен қатар Sputnik Қазақстан тілшілеріне Хайкоудан ұшып шыққан кезде түсірген видеосын көрсетті. Видеороликтен қаланың қаңырап қалғанын көруге болады. Көшеде адам мен көлік мүлдем жоқ.

Прибывшие с Хайнаня казахстанцы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Хайнаньнан келген қазақстандықтар

Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.

Прибытие первого рейса с Хайнаня с казахстанскими туристами
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазақстандық туристер мінген ұшақ Хайнаньнан Алматыға келді

Басқа жолаушы Әлияның айтуынша, ол Хайнаньда балалармен – қызымен, жиенімен бірге демалған. Жолдамаларды коронавирус туралы жаңалық шыққанға дейін сатып алыпты. Індет таралып жатқанын Қытайға барған кезде бір-ақ білген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген 17 жасар қыз ауруханаға түсті

"Балалар үшін мүлдем алаңдаған жоқпын. Онда бәрі тыныш болды. Демалыстың шырқын ештеңе бұзбады. Тек, соңғы екі күн, 26 қаңтардан бастап экскурсиялар мен ойын-сауық іс-шараларын тоқтатты", - дейді ол.

Рейс 12 сағатқа кешіктірілді

Қазақстандық туристер мінген SCAT ұшағы 29 қаңтарда Хайкоудан ұшып келді. Ұшақ 28 қаңтарда сағат 14:25-те ұшуы тиіс болған, бірақ рейс кейінге қалдырылды. Келу уақыты үш рет ауыстырылды.

Время прибытия самолета переносили три раза
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ұшақтың келу уақыты үш рет ауыстырылды

Рейс жолаушылары туристерді жинағандықтан ұшақ кешіктірілгенін айтады. Арал тыныш.

Табло в аэропорту Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы әуежайындағы табло

"Онда ешқандай дүрбелең жоқ. Бәрі бақылауда. Біз жақсы демалдық. 27 қаңтардан бастап ол жаққа ұшақ ұшпай жатыр, туристерді аралдан шығаруда. Бірақ біз ертерек қайта алмадық", - дейді олардың көпшілігі.

Что творилось в аэропорту Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы әуежайында не болып жатыр
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1391)

Тақырып бойынша

Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды
Қазақстан Қытаймен арадағы шекараны неге жаппай отыр – министрлік түсіндірді
Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Қытайға нота жіберді - студенттер елге қашан жеткізіледі?
Қазақстан Қытаймен теміржол қатынасын тоқтатпақ
Қытайдан келген тағы 6 адам ауруханаға жатқызылды
Кілт сөздер:
Қытай, вирус, туристер
Загрузка...

Басты тақырып