Қоғам

"Зәреміз ұшты": Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото

© Sputnik / Тимур Батыршин Хайнаньнан қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді
 Хайнаньнан қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайының жанында жедел жәрдем кезекшілік жасады
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Алматы әуежайының жанында жедел жәрдем кезекшілік жасады

Әуежайға кіреберісте екі жедел жәрдем көлігі тұрды. Алайда туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген.

"Ұшақта тіпті ешкім түшкірмеді. Бізді баспасөздің хабарламасы шошытты. Зәреміз ұшты, ештеңе жеген жоқпыз (экзотикалық). Бетперде мен көзілдірік киіп жүрдік. Ол жақта 20 қаңтардан бері болдық", - дейді Хайкоудан (Хайнань аралындағы қалалық округ) келген қазақстандық Арнай.

Ол сонымен қатар Sputnik Қазақстан тілшілеріне Хайкоудан ұшып шыққан кезде түсірген видеосын көрсетті. Видеороликтен қаланың қаңырап қалғанын көруге болады. Көшеде адам мен көлік мүлдем жоқ.

© Sputnik / Тимур БатыршинХайнаньнан келген қазақстандықтар
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Хайнаньнан келген қазақстандықтар

Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.

© Sputnik / Тимур Батыршин Қазақстандық туристер мінген ұшақ Хайнаньнан Алматыға келді
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Қазақстандық туристер мінген ұшақ Хайнаньнан Алматыға келді

Басқа жолаушы Әлияның айтуынша, ол Хайнаньда балалармен – қызымен, жиенімен бірге демалған. Жолдамаларды коронавирус туралы жаңалық шыққанға дейін сатып алыпты. Індет таралып жатқанын Қытайға барған кезде бір-ақ білген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген 17 жасар қыз ауруханаға түсті

"Балалар үшін мүлдем алаңдаған жоқпын. Онда бәрі тыныш болды. Демалыстың шырқын ештеңе бұзбады. Тек, соңғы екі күн, 26 қаңтардан бастап экскурсиялар мен ойын-сауық іс-шараларын тоқтатты", - дейді ол.

Рейс 12 сағатқа кешіктірілді

Қазақстандық туристер мінген SCAT ұшағы 29 қаңтарда Хайкоудан ұшып келді. Ұшақ 28 қаңтарда сағат 14:25-те ұшуы тиіс болған, бірақ рейс кейінге қалдырылды. Келу уақыты үш рет ауыстырылды.

© Sputnik / Тимур БатыршинҰшақтың келу уақыты үш рет ауыстырылды
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Ұшақтың келу уақыты үш рет ауыстырылды

Рейс жолаушылары туристерді жинағандықтан ұшақ кешіктірілгенін айтады. Арал тыныш.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайындағы табло
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Алматы әуежайындағы табло

"Онда ешқандай дүрбелең жоқ. Бәрі бақылауда. Біз жақсы демалдық. 27 қаңтардан бастап ол жаққа ұшақ ұшпай жатыр, туристерді аралдан шығаруда. Бірақ біз ертерек қайта алмадық", - дейді олардың көпшілігі.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайында не болып жатыр
Зәреміз ұшты: Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото - Sputnik Қазақстан
Алматы әуежайында не болып жатыр
Жаңалықтар
0