Қоғам

Ішкі істер министрлігі екінші ұшқыштың өліміне қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет авиакомпании Bek Air в аэропорту
Самолет авиакомпании Bek Air в аэропорту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28 қаңтар күні апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұлов үйінде қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Бек Эйр-дің құлаған ұшағының екінші ұшқышы неден көз жұмғанын сот-медициналық сараптама анықтайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адам өлімінің кез келген фактісі бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыштың өліміне әуе апатынан алған жарақаты немесе басқа да криминалды фактілер себеп болмаған. Мәселе оның денсаулығында шығар, бәлкім. Бірақ мұның бәрін сот-медициналық сараптама нақты көрсетеді", - деді Қожаев мәжіліс кулуарында.

Ол сот-медициналық сараптама отыз күн ішінде жүргізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Қожаев Бек Эйр ұшағының құлауына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Ондай істер ешқашан тез бітпейді. Кәдімгі жол-көлік оқиғасы да бір-екі, үш айға созылып кетеді. Ал ұшақ құлағанда, одан да қиын. Қазір сараптамалар жүргізіліп жатыр. Халықаралық авиация комиссиясының мамандары сол сараптамаларды қарап, бізге беруі керек",  - деді министр орынбасары.

28 қаңтарда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты Мейіржан Молдақұлов үйінде қайтыс болды.

Апаттан зардап шеккен ұшқыш 21 қаңтарда ауруханадан шығарылған.

Bek Air-де жаға ұстатарлық жайттар анықталды: ұшақтардың суреті жарияланды

Мейіржан Молдақұлов ұшақ апаты кезінде ауыр жарақат алған. Сол кезде ол Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасына жеткізілген. Оған бірнеше ота жасалды, омыртқасына да операция істелді.

Бесінші қаңтарда Молдақұлов отадан кейін есін жиды. Сөйтіп, салалық бөлімшеге ауыстырылды.

Молдақұлов 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші пилот жансақтау бөліміне түскен.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Жаңалықтар
0