Қоғам

Ақордада Назарбаевтың стипендиясы табысталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы жетпіс бес қайраткерге берілді. Стипендия иегерлерінің ішінде жас дарындар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылдағы мәдениет саласының мемлекеттік стипендиясын табыстады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне берілді. Жыл сайынғы стипендия мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға Қазақстанның мәдениетін дамытуға және әлемге танытуға қосқан үлесі үшін табысталып отырады.

Биыл ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының стипендиясын алғандардың ішінде қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандары бар. Олар:

  • Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов;
  • Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов;
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманов;
  • Кино және театр әртісі Меруерт Өтекешева.

Сондай-ақ, стипендия иегерлерінің ішінде жас дарындар да бар. Олар:

  • Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмова;
  • актриса  Айнұр Рахипова;
  • балет әртісі Бақтияр Адамжан;
  • ақын Қанат Омаров;
  • дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манапов;
  • кинорежиссер Фархат Шәріпов.
Жаңалықтар
0