05:19 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1366)
1288410

Қытайдан келген азаматтарға бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Әуежайда дене қызуы өлшенеді, дәрігерлер инкубациялық кезеңде пациенттерге қоңырау шалып, жағдайын қадағалап тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қытайдың астанасы Бейжің қаласынан келген 17 жастағы қызда жаңа коронавирус жоқ. Алайда дәрігерлер басқа вирустың басқа түрін анықады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзіне қарағанда, жас қыздың ағзасынан Гонконг тұмауы табылды.

"Ол қызда H3N2 штамы бар тұмау анықтады. Бұл - нақты дерек", - деді Бекшин журналистерге берген сұхбатында.

Микробиологиялық классификация бойынша Гонконг тұмауы H3N2 болып белгіленеді және әлем бойынша қауіпті вирустардың санатына жатады. Бас кезінде осы вирус құстар арасында тараған, артынан адамдарға жұға бастады.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Қазақстанға Қытайдан төрт адам ұшып келді. Барлығын бірден өткір респираторлық вирусты инфекция бар деген күдікпен ауруханаға жатқызды. Олардың ішінде 17 жастағы қыз да болды. Оның дене температурасы көтеріліп тұрған.

Бүгінде Қазақстанда Қытайдан келген азаматтарға бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Әуежайда дене қызуы өлшенеді, дәрігерлер инкубациялық кезең ішінде пациенттерге қоңырау шалып, қал-жағдайын бақылайды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, 35 адам бөлек боксқа жатқызылды. Олардың ішінде 22 адамда өткір респираторлық вирусты инфекция анықталса, төртеуінде - тұмау, біреуінде тұмау мен паратұмау, яғни аралас инфекция бар болып шықты.

Тағы оқыңыз: Бас санитар дәрігер желіде тараған хабарламаларға қатысты түсініктеме берді

Осылайша, 27 пациентте маусымдық инфекция анықталып отыр. Ал қалған 8 адам және ауруханаға жатқызылған басқа да азаматтардан сынама алынып, Алматыдағы Айқымбаев атындағы ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық ғылыми-зерттеу орталығында қосымша тест бақылауға жіберілді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1366)

Тақырып бойынша

Қытайдағы матчты Қазақстанда өткізу ұсынылды - үкімет шешім шығарды
Алматыда коронавирус анықталды деген хабарламаға қатысты басқарма түсініктеме берді
Қазақстан Қытаймен жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты
Бас санитар Қытайдан келген 35 адамның бақылауға алынғанын мәлімдеді
Қытайдағы коронавирус: депутаттар қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
тұмау, Гонконг, қыз, астаналық, Бейжің
Загрузка...

Басты тақырып