Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер "дипломмен ауылға" барады

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырып, мемлекеттік қызметке білікті кадрлар тарту жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекетік қызметкерлерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта ауылдық деңгейде, жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі орын алып отыр. Сондықтан "Дипломмен ауылға" жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдануды ұсынамыз", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасының презентациясында.

Айтуынша, бұл түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылған.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы

"Дипломмен ауылға" жобасының негізгі мақсаты — ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру.

Жоба аясында 100 АЕК немесе 265 100 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 АЕК немесе 3 976 500 теңгеден аспайтын мөлшерде бюджеттік несие қарастырылған.

Жаңалықтар
0