Қоғам

Қытайдан келген 38 адам ауруханада жатыр – денсаулық сақтау министрі

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Біртановтың мәліметінше, 6 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Қытайдан 20 515 адам Қазақстанға келді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан келген адамдарды бақылауға алу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Біртанов "2 студент коронавирус жұқтырды" деген ақпаратқа түсініктеме берді

Министрдің мәліметінше, 6 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Қытайдан 20 515 адам Қазақстанға келді. Олардың ішінде 19 989-ы өз азаматтарымыз болса , 526 – шетелдіктер. Барлығы ерекше санитарлық тексерістен өтеді. Ал жергілікті жерде емханалар әрбіреуімен байланыс орнатып, бақылауға алады. Бүгінде Қытайдан келген адамдардың 78 процентімен, яғни 15 738 адаммен байланыс орнатылды.

"Осы азаматтар мен шетелден келген азаматтардың арасында жоғары дене қызуымен және басқа да белгілермен 54 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың диагнозы вирусты инфекциямен байланысты. Осы уақытқа дейін 16 науқастың диагнозы қойылып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі кезде барлық ауруханада 38 науқас емделіп жатыр", - деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, барлық науқастан зертханалық сынама алынды. Енді, генетикалық диагностика жасалып жатыр. Соның нәтижесі бойынша емдеу шаралары қолға алынады.

Жаңалықтар
0