04:06 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
845871

Агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндамасын қазақ тілінде оқып шыққанымен, сұрақтарға орыс тілінде жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешовті барлық сұраққа орыс тілінде жауап бергені үшін сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндамасын қазақ тілінде оқып шыққанымен, сұрақтарға орыс тілінде жауап берді.

Мемлекеттік қызметте істейтін Дәуешовтің мемлекеттік тілде сөйлемеуі мәжілісменнің ашуына тиді.

"Сіз жауабыңызды жүз пайыз орыс тілінде беріп тұрсыз. Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасының орынбасарысыз. Отыз жыл бұрын тәуелсіздік алған елде орысша жауап беріп тұрсыз. Ертең осы жастардың тіл мәселесі қалай шешіледі. Мемлекеттік қызметте қазақ тілін білу-білмеу мәселесі қалай қабылданады? Әлде, біз тағы шала қазақ жастарды болашақта жұмысқа аламыз ба? Өйткені 2030 жылы еліміздің жастарының 80-90 проценті ана тілінде сөйлейді деп күтіліп отыр. Осыған не деп жауап бересіз?", - деді Дүйсембинов.

Депутаттың бұл сауалынан кейін отырғандардың кейбіреуі қол шапалақтады.

Ал Марат Дәуешов болса, мәжілісменнің бұл сұрағын жауапсыз қалдырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырған еді. Президент қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептейтінін жеткізді.

Тақырып бойынша

"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты
"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді
"Қазақшасы қайда?": Ақтөбелік адвокат өз әріптестерін сотқа беруге мәжбүр болды
"Күлкі етеді" Танымал режиссер неге қазақша сөйлемей жүргенін айтты
Кілт сөздер:
депутаттар, орыс тілі
Загрузка...

Басты тақырып