22:12 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2273 0 0

Білім министрі балаларды қабылдап, жақсы режимде жұмыс істеп жатқан балабақшалардың мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беруге қарсы. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта тағы бір жаңа үрдіс қалыптасты. Ол бүгінгі күні жап-жақсы жұмыс істеп тұрған балабақшаларды жекеменшікке немесе сенімгерлікке беру мәселесі. Бұл дұрыс үрдіс емес. Егер ол балабақшалар қирап жатса, немесе көп қаржыны қажет етсе, онда түсінуге болады. Ал керісінше, балаларды қабылдап, жақсы режимде жұмыс істеп жатса, неге біз оны жекеменшік компанияларға беруіміз керек?", - деді Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген алқасында.

Министр балабақшаларды сенімгерлікке беруді ведомство құптамайтынын жеткізді.

"Сондықтан бұл мәселені біз тоқтатуымыз қажет", - деді ол.

Тағы оқыңыз: "ҰБТ-ға мүлдем кірмейді": білім министрі қандай өзгеріс болатынын айтты

Аймағамбетовтің айтуынша, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі өте төмен.

"Біз ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасап отырған жоқпыз. 11 өңірде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен қамтылған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі проблема күйінде қалып отыр. Республика деңгейіндегі көрсеткіші 65% болса, ең төменгі көрсеткіш Қызылордада 45% және Атырауда 47%", - деді министр.

Тақырып бойынша

Білім министрі таяуда жақсы жаңалық болатынын мәлімдеді
Бес жылда білім саласы қалай өзгереді – министр жаңа бағдарламаны таныстырды
Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді
Депутат мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді
Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, білім
Загрузка...

Басты тақырып