22:07 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3225 0 0

2019 жылдың күзінде Тараздағы орта мектептердің бірінде педофил 12 жасар оқушы қызды мектеп ауласындағы дәретханада зорлап кетті. Қылмыскер мектеп бейнекамераларына түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектептер мен балабақшаларды бірінші қыркүйекке дейін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін ведомствоның басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аймағамбетов мектептерді бейнебақылау камералары және өзге де тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету туралы тапсырма орындалып жатқанын айтты. Десе де, біраз проблема бар.

"1220 мектеп пен 1628 балабақша бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған. Сапасына қарасақ, біраз сұрақ бар. Білім және министрлігі мен ішкі істер министрлігі бекіткен бұйрық бар, сол бұйрықта барлық мәселе, яғни, бейнекамера неше күн жазба жүргізу керек, оның сапасы қандай болу керек деген мәселелер қаралған. Бірақ бүгінде өңірлер мұны орындамай отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент тағы бір мәрте тапсырма берді. Біздің алдымызда тұрған мақсат  - қыркүйек айына дейін осы жұмысты аяқтау керек", - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар, министр дәретханалары аулада орналасқан мектептердің санын жария етті. Оның мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 2352 мектептің дәретханасы ауылда орналасқан. Мектеп дәретханасы далада орналасқан мектеп саны бойынша Түркістан облысы (541 мектеп) бірінші орында, Алматы облысы (415 мектеп) екінші орында, Шығыс Қазақстан облысы (276) үшінші орында тұр.

"Бұл мәселені де биыл толығымен шешу қажет", - деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың күзінде Тараздағы орта мектептердің бірінде педофил 12 жасар оқушы қызды мектеп ауласындағы дәретханада зорлап кетті. Қылмыскер мектеп бейнекамераларына түсіп қалған.

Тағы оқыңыз: Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

Сұмдық оқиғадан кейін облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен кетті. Сондай-ақ, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев та қызметінен босатылды. Ал облыс басшысы ескерту алды.

Ал он екі жастағы қызды зорлаған 38 жастағы педофил сот үкімімен кінәлі деп танылып, 25 жылға сотталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы оқиғаны – нағыз масқара деп атады.

Президент биылдан қалдырмай балабақшалар мен мектептерге толығымен камера орнатуды тапсырды.

Тақырып бойынша

Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлады: білім министрлігі түсініктеме берді
Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты
Таразда мектеп оқушысы зорланды: облыс әкімі жауапкершілікті сезіне ме?
Президент: Таразда болған оқиға – нағыз масқара
Кілт сөздер:
мектеп, Тараз, шаралар, оқиға, министр
Загрузка...

Басты тақырып