09:47 01 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD431.82
  • EUR505.57
  • RUB5.52
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2054904

Әлеуметтік желіде тараған видеода отырыста бір мәселе қызу талқыланып жатқан сәтте коммунистік партияның мүшесі Владислав Косарев құлаққаптың бір жағын түсіріп, көзін жұмып отыр. Желі қолданушылары депутат қалың ұйқыға кетті деп сынға алды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Владислав Косарев желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kz)

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода депутаттардың біреуі сұрақ қойып отыр. Ал оның жанында отырған Қазақстан коммунистік партиясының мүшесі, мәжіліс депутат Владислав Косарев құлаққаптың бір жағын түсіріп, көзін жұмып отыр. Желі қолданушылары оны ұйқыға кетті деп сынға алды.

Депутат Косаревтің өзі видеоны көрмегенін айтты. Алайда ол жайында біреу сұраса, жауап беруге дайын екенін жеткізді.

"Адамдар жазса, жаза берсін. Енді, мен нарызылық білдіремін бе? Олай жасамаймын. Ондайда үндемей құтылған дұрыс. Мен өзім видеоны көрген жоқпын. Көргеннен кейін сұраған адамға жауап беретін сөз табамын. Алдымен көрейін, сосын жауап беремін", - деді Косарев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Ал Косаревтің жанында сөйлеп отырған депутат Берік Дүйсембинов видеоны көріпті. Тіпті, дәл осы сәттің толық нұсқасын қарап шыққанын айтты.

"Мен бүгін толық видеоны алдым. Бұл кісі ұйықтап отырған жоқ. Бізде аударма бар ғой. Сол аударманы құлағына салып, тыңдап отырған беті. Толық видеоны қарасаңыздар, ол ыңғайлы отырып алып, менің сөзімді тыңдай бастайды. Қасындағы адам айқайлап, сұрақ қойып, сөйлеп жатқанда адам ұйықтап отырмайды ғой. Сондай бір сәтсіз кезде видеоға түсіп қалған. Негізі, ұйықтап отырған жоқ. Толық видеоны жібере аламын", - дейді Дүйсембинов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, видеодағы отырыс кеше, 30 қаңтарда өткен. Сол жерде мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндама жасады. Ал депутат Берік Дүйсембинов оны барлық сұраққа орыс тілінде жауап бергені үшін сынға алған еді.

Тағы оқыңыз: Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді

Тақырып бойынша

"Депутаттықты тастап, хатшың болуға дайынмын": Тілеухан министрге өтініш жасады
"Халықтың алдында кінәліміз": Назарбаеваның орынбасары сенат қателескенін мойындады
Бекболат Тілеухан орнын босатуды талап еткендерге жауап берді
"Мемлекеттігімізге сын": сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
Кілт сөздер:
депутат, видео, ұйқы, Владислав Косарев
Загрузка...

Басты тақырып