Қоғам

Министр Қытайдағы жағдайға байланысты азық-түліктің қымбаттауы туралы айтты

© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsЖенщина в защитной маске в китайском супермаркете
Женщина в защитной маске в китайском супермаркете - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр қазақстандықтардан базарлар мен сауда орындарында бағаның өскеніне куә болса, жедел желі арқылы хабарласуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қытай арасында тауар қозғалысы тоқтаған жоқ. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тұтынушыларға өтінішіміз бар. Қазір бірқатар тауар сатушы Қытаймен шекара жабылды деген желеумен азық-түлік бағасын көтере бастағаны туралы ақпарат түсіп жатыр. Осыған орай, Қазақстан тауарлар қозғалысының Қытайдан да, Қытайға да тоқтамағанын хабарлағым келеді. Бұл тек бизнестің жосықсыз әрекеті, олар оны бағаны көтеру үшін қолданады", - деді Сұлтанов.

Министр қазақстандықтардан базарлар мен сауда орындарында бағаның өскеніне куә болса, жедел желі арқылы хабарласуды сұрады.

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Соңғы деректер бойынша, коронавирусты 20 мыңнан астам жұқтырған, 420-дан астамы көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.

Жаңалықтар
0