23:15 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3570 0 0

Мәжіліс төрағасының орынбасары дүкенде азық-түліктің бағасы көтерме бағадан 30-80 процентке қымбат екенін айтты    

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Мәжіліс төрағасының орынбасары, депутат Владимир Божко азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі қазір сауда желілерінде азық-түліктің бағасы көтерме бағадан 30-80 процентке жоғары болып тұр. Мен бір мысал келтірейін, бүгін ғана сүт өнімдерін сататын танымал бір компанияның тауарын көрдім. Осы компания 30 проценттік қаймақты 300 теңгеге көтерме бағамен сатады. Ал дүкен сөрелерінде ол тауардың бағасы 444 теңге болып тұр. Сол сияқты 15 проценттік қаймақтың көтерме бағасы 280 теңге болса, дүкенде – 380 теңге. Компания астанаға жақын жерде орналасқан, небәрі 30-40 шақырым қашықтықта жұмыс істейді", - деді Божко сауда және интеграция министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда депутат құс өсірушілер одағының есебіне де тоқталды. Оған сәйкес, бүгінде көтерме баға мен дүкен бағасының айырмашылығы 59 процентке дейін жетеді. Ал ондай кәсіпорындарға дотация берілетінін де ескерген жөн.

Оның айтуынша, шетелде үстемақы қосудың нақты тәртібі бар. Мәселен, Германияда көтерме бағаға 2 процент ғана қосуға болады. Ал дүкен иелері өз пайдасын 10 проценттен асырмайды. Сол сияқты Беларусьте – 10 процент, Украинада – 15 процент, ал Қырғызстанда әрбір деңгейде үстемақыны 5 проценттен асырмайды.

Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді 

"Бүгінде сауда туралы заңнаманы өзгерту керек. Себебі ол құжат ескіріп қалған. Соның салдарынан бір жағынан азық-түлік бағасын ұстау, екінші жағынан өнім өндірушілерді тиісті деңгейде қолдау мүмкін болмай отыр. Оған қоса, дистрибьюторлардың ретробонустары 30 процентке дейін жетеді. Осының өзі азық-түліктің қымбаттауына негіз болып отыр", - деп атап көрсетті Божко.

 

Тақырып бойынша

Жинап жатқан ақшаңызды инфляциядан қорғау үшін не істеу керек?
Қазақстанда нан қымбаттайды – ауыл шаруашылығы министрі
Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді
Президент әкімдіктің жұмысын сынға алды
Қаржы министрі бензиннің неге қымбаттағалы жатқанын түсіндірді
Кілт сөздер:
азық-түлік, депутат
Загрузка...

Басты тақырып