10:11 10 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD410.70
  • EUR465.28
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
747 0 0

Үш баланың анасы Гүлнар Дастанова мен қызын жалғыз өзі өсіріп отырған Шолпан Уәлиева қатерлі ісікті қалай жеңгенін айтты

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Алматыда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өткен конференция барысында ауруды жеңгендер басынан өткен қиыншылығын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үш баланың анасы Гүлнар Дастанова қатерлі ісікті жеңіп, қазір салауатты өмір салтына көшкен.

"Ауру адам таңдамайды. 2017 жылы жатыр мойыны обырының 4-сатысы деген диагноз қойылды. Өзіңнің науқас екеніңді естіген сәтте ем алу кезінде ауруды жеңуге болатынына сену керек. Менің бір танысым осыдан 10 жыл бұрын бастың қатерлі ісігіне шалдықты. 10 жылдан бері өмір сүріп келе жатыр. Қиналған сәтімде сол досымды есіме алатынмын. Яғни, оның қолынан келсе, менің де қолымнан келеді деген сөз", - деп әңгімеледі Дастанова.

Айтуынша, тек дәрігерлер ғана емес, әр адам өз денсаулығы үшін күресуі керек.

Біраз уақыт шетелде болып келген Гүлнар өзінің ауыр дертке шалдыққанын Қазақстанға келіп білген. Қайта кетуге мүмкіндік болғанына қарамастан, ол өз елінде қалуға шешім қабылдапты.

Гүлнар Дастанова (оң жақта)
© Sputnik / Айгерім Таубай
Гүлнар Дастанова (оң жақта)

"Маған өз елімде көмектесе алатын адамдар барына сеніп, осында қалдым. Институттан үнемі скрининг жасауға шақырып тұрды. Сол сәтте мемлекет расында да бізге көмектесетінін түсіндім", - деді ол.

42 сәуле терапиясы, 6 брахитерапия, 2 химиотерапиядан өткен Гүлнар Дастанова өміріңізге, денсаулығыңызға мұқият қарау керек екенін айтады.

"Мен 1 жыл бойы емделдім. Ем кезінде аурды жеңіп, 10, 20 жылдан бері салауатты өмір салтын ұстанып жүрген адамдармен көп әңгімелестім. Сіздің өмір сүруіңіз өзгеге емес, өзіңізге байланысты. Сауығу деген химиотерапия емес, ол сіздің бойыңыздағы күш-жігер", - деді Гүлнар.

Ал 48 жастағы Шолпан Уәлиева 2 жыл бұрын өліп қалуым мүмкін еді дейді. Алматы тұрғыны жалғыз қызын өзі өсіріп отыр. Баласының қамын ойлаған ана өз денсаулығына дұрыс көңіл бөлмегенін айтады. Ауруы асқынса да, жұмыс істеп, ауруханаға бармаған. Осылай кейінге ысырып жүргенде 2018 жылы наурызда есінен танып құлайды. Бастапқыда жекеменшік емханаға қаралған Шолпан онкология институтына келіп, қатерлі ісікке шалдыққанын білген.

Естіген сәтте мең-зең болып қалғанын да жасырмады. Төртінші сатыдағы перитонеальды карцинома деген диагноздың өзі қорқынышты естілген.

"Дәрігерлер шылым шегуге тыйым салғанына қарамастан, естіген сәтте 2 темекі тартып, ұзақ тұрдым. Бастапқыды сабырлы болғаныммен, кейіннен түрлі ой келе бастады", - дейді Шолпан.

Шолпан Уәлиева 2018 жылы мамырда химиотерапиядан өтіп, тамызда тағы бір операция жасаған. 2019 жылдың соңында дәрігерлер ісіктің химия арқылы жойылғанын айтады. Осыдан кейін Шолпан өзін күтіп, спортпен шұғылдана бастаған. Ақ халаттылар суға жүзуді ұсынып, қазір Шолпан Уәлиева тұрақты түрде бассейнге барып тұрады.

Тақырып бойынша

Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Бас онколог қай облыстардың тұрғындары қатерлі ісікке көбірек шалдығатынын айтты  
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Ер адам ракты жеңген әйелін мотоциклмен басып өлтірді
Кілт сөздер:
ауру, қатерлі ісік
Загрузка...

Басты тақырып