05:18 02 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

Қаржы министрі Әлихан Смайылов әлемді дүрліктірген індеттен ел бюджетіне салмақ түспейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Үкімет резервінен Қытайдан тараған коронавируспен күреске 3,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет резервінен қажетті дәрі-дәрмек, бетперделер мен құрылғыларды сатып алуға ақша бөлінді. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша. Шамамен 3,5 миллиард теңге бөлінді, қаражаттың мақсатты жұмсалуын денсаулық сақтау министрлігі қадағалайды", - деді Смайылов мәжіліс кулуарында.

Қаржы министрі әлемді дүрліктірген індеттен ел бюджетіне салмақ түспейтінін атап өтті.

"Қазір біз вирус Қазақстанда тарап кетпеуі үшін шара қолданып жатырмыз. Егер олар тиімді болса, экономикаға салмақ түспейді. Көрші елдермен, бұл жерде Қытай елін айтып тұрмын, өзара қарым-қатынаста өте радикалды шаралар қабылдауға тура келсе, белгілі бір мөлшерде әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір Қытаймен сауда-саттық жасауға тыйым салынған жоқ", - деді ол.

Тек туризм саласында белгілі бір шектеулер бар, деп жалғастырды министр.

"Біз қазақстандықтарға ол жаққа бармауға кеңес беріп отырмыз. Қытайдағы туризмнен Қытайға ақша түседі, егер біздің азаматтар ол жаққа бармаса, қаражатымыз елде қалады. Бұл керісінше жақсы", - деді бірінші вице-премьер.

Қытайдан қанша қазақстандық келді

Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты, соның ішінде 80 студентті эвакуациялады. Сонымен қатар, 24 шетелдік – Қырғызстанның 18 азаматы, Беларусьтің бес азаматы және Арменияның бір азаматын Қазақстанға жеткізді. Қырғызстандықтар арнайы бортпен Бішкекке жіберілді. Елге жеткізілген қазақстандықтар он төрт күндік карантинге алынды.

4 ақпандағы жағдай бойынша, стационарларда 33 адам дәрігер бақылауында жатыр. Қазақстанда коронавирус табылған жоқ. Соңғы деректер бойынша, Қытайда 24,3 мың адам коронавирус жұқтырып, 490 адам көз жұмды.

Тақырып бойынша

Бекшин: Ертеңнен бастап Қытаймен әуе қатынасы толығымен тоқтайды
Министр Қытайдағы жағдайға байланысты азық-түліктің қымбаттауы туралы айтты
Қытайдағы коронавирус: министр азаматтардан тынышталуды өтінді
Тоқаев Маминге маңызды тапсырма берді
Министр екі елмен шекарада коронавирусқа қарсы тексеріс неге жүргізілмейтінін айтты
Кілт сөздер:
қаражат, вирус, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып