18:51 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
605 0 0

Бүгін Түркияда қар көшкіні жүріп, оның салдарынан ондаған адам қаза тауып, бірнешеуі жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жарақат аланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.

Атап өтсек, бүгін Түркияда екі рет қар көшкіні жүрді. Оның салдарынан 30-дан астам адам қаза болып, 15-тен астам адам жарақаттанды. Дегенмен құрбандар және зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Себебі іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Тақырып бойынша

Режеп Ердоған мен Рим Папасы көңіл айтты
Ердоған Назарбаевқа телефон соқты
Жээнбеков Тоқаевқа Қытайдан қырғыздарды әкелуге көмектескені үшін алғыс айтты
Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды – оны кім басқарады
Кілт сөздер:
көңіл айту, Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып