Қоғам

Серікбай қажы Ораздың қызметінен неге кеткені белгілі болды   

© Sputnik / Болат ШайхиновВерховный муфтий Казахстана Серикбай кажы Ораз
Верховный муфтий Казахстана Серикбай кажы Ораз   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Наурызбай қажы Қазақстанның Бас мүфтиі болды, оған еліміздің барлық облысынан жиналған 300-ге тарта делегат дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып Наурызбай қажы Тағанұлы сайланғанын жазған едік. Бұрынғы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қызметінен денсаулығына байланысты кеткені белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Бас мүфтиі ауысты 

Серікбай қажы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының IX құрылтайында отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлады Әзірет Сұлтан мешітінің мамандары. Оған денсаулық жағдайы себеп болған.

Серікбай қажы 2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайланған еді.

Ол өзінің орнына Наурызбай қажының кандидатурасын ұсынды.

"Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Дін саласында тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін", – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

"Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмысымыз бар", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.

Жаңалықтар
0