18:57 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қытайдағы коронавирус (55)
171 0 0

Бұған дейін Ухань қаласынан санавиация арқылы 83 қазақстандық елге оралған еді, сондай-ақ Қырғызстан, Беларусь және Армения азаматы эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан Қытайдан тағы 217 азаматты эвакуациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін таңғы 6.05-те Бейжіңнен 217 қазақстандық жеткізілді. Олар барлығы арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында.

Олар карантин аймағынан эвакуацияланбағандықтан, небәрі үш күнге ғана карантинге жабылады.

Бұған дейін 1 ақпанда Ухань қаласынан санавиация арқылы 83 қазақстандық елге оралған еді. Сондай ақ 18 Қырғызстан азаматы, Беларусьтің бес азаматы және бір Армения азаматы эвакуацияланды. Олардың арасында коронавирус тіркелген жоқ.

Тағы оқыңыз: Коронавирус туралы бірінші хабарлаған дәрігер қайтыс болды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың 27 қаңтарында премьер министр орынбасарының төрағалығымен Қазақстанда коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу шараларын үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комссия құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың, және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері кірді.

Кезең-кезеңмен екі ел арасында жолаушылар тасымалы тоқтады. Үкіметтік резервтен қосымша қаржы бөлінді.

Тақырып:
Қытайдағы коронавирус (55)

Тақырып бойынша

Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген
Қытайдағы коронавирус: министр азаматтардан тынышталуды өтінді
Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген 46 адам стационарда жатыр
Нұр-Сұлтанда әйел коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, емханаға келді  
Кілт сөздер:
Қытай
Загрузка...

Басты тақырып