Қоғам

Қордайдағы қақтығыс: министрлік ұсталғандар санын жария етуден бас тартты

© Photo : polisia.kzПолицейские в Кордае
Полицейские в Кордае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қақтығыс бойынша жиырма бестен астам қылмыстық іс қозғалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі тергеу құпиялылығын желеу етіп, Қордайдағы оқиға бойынша қанша адамның қамауда отырғанын жария етуден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірқатар күдікті ұсталғанын растаймын. Қазір Жамбыл облысы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның бақылауында", - деді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов үкімет кулуарында.

Ол қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес, алдын ала тергеудің мәліметтерін жария ете алмайтынын жеткізді. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша хабарлауға уәде берді.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Қордай ауданындағы қазіргі жағдай жайлы айтты

"Қазіргі таңда Жамбыл облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен аса қылмыстық іс қозғады. Олар - жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу, оған үндеу, алтыдан астам қылмыстық іс - бұзақылық, үшеуі - бөтен мүлікті зақымдау, оны - адам өлтіру, екеуі  - адам өміріне қастандық жасау фактілері бойынша қозғалған", - деді ол. 

Айтуынша, қазір ведомствоаралық жедел тергеу тобы, бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, басқа да құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0