07:56 26 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
112001

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ешбір халықаралық ұйымнан хаттар келмеді дейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қордайдағы қақтығысқа байланысты Қазақстанға басқа елдерден алаңдаушылық хаттар келіп түскен жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдері Тілеубердіден Қордайдағы жағдайға байланысты Қырғызстаннан, басқа да елдерден алаңдаушылық хат келіп түсті ме деп сұрады.

"Хаттар келіп түскен жоқ. Әзірге ешкім алаңдаушылық танытқан жоқ", - деді министр.

Еліміздің оңтүстігіндегі оқиға Қазақстанның сыртқы саясатына қалай әсер етеді деген сауалға ол бұл мәселе тек БАҚ бетінде талқыланып жатқанын айтты. Ал ресми деңгейде ешбір халықаралық ұйымнан хаттар түспеген.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Сол күні Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і жатқызылды. Он адам көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қордайдағы оқиғадан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз: "Бәрі қорқып қалған": Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты

Осы қақтығыстан кейін 10 ақпанда президент Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев пен Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбеков те қызметінен алынатын болды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен кетті. Оның орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Тақырып бойынша

Қордайдағы қақтығыс: Қырғызстанға қашқан 8 мың адам қайтып оралды
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ
Назарбаев: Қордайдағы жағдай мені қатты алаңдатып отыр
Кілт сөздер:
министр, қақтығыс, көрші ел
Загрузка...

Басты тақырып