Қоғам

Коронавирус таралған кемеде 4 қазақстандық бар екені анықталды

© REUTERS / KIM KYUNG-HOONЧисло заболевших коронавирусом на круизном лайнере Diamond Princess выросло до 20
Число заболевших коронавирусом на круизном лайнере Diamond Princess выросло до 20 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лайнерге мінген 174 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі таңда онда карантин режимі енгізілді, барлық науқас оқшауланған

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар. Бұл туралы брифингте Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

"Лайнердегі әлемнің 50 елінің 3 700 азаматы карантинге алынды. 174 адам коронавирус жұқтырғаны расталды. Кемеде казіргі уақытта төрт қазақстандық бар, олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Ахметшәріп.

Ол лайнердегі карантин 19 ақпанда аяқталатынын атап өтті.

Круиздік кемеде не болды

Ақпан айының басында Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырған жолаушы бар екені белгілі болды. Ол Гонконгтың 80 жастағы тұрғыны болып шықты. Кейінірек тағы бірнеше жолаушы вирус жұқтырғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Қазақ дәрігер Қытайда "Қара жорға" билеп, науқастардың көңілін көтерді - видео

Коронавирустың таралуы

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмония таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар індеттің қоздырғышын анықтады – 2019-nCoV коронавирусы. Қытайда және әлемнің басқа елдерінде оны 60 мыңнан астам адам жұқтырды.

13 ақпандағы мәлімет бойынша коронавирустан 1 369 адам өлді, оның 1310-ы Хубэй провинциясында, қалғаны Қытайдың әр аймағында көз жұмған. Сондай-ақ Гонконгта бір, Филиппинде бір адам қаза болды.

Жазылып кеткендердің саны 6 017-ге жетті, оның 3441 –Хубэй провинциясының тұрғындары.  

Жаңалықтар
0