18:34 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (59)
5237 0 0

Әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы басты өлшем ретінде қарастырылады  

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз әскери борышын өтеп жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Facebook-те "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейді" деп жазған болатын.

Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ

"Әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр. Жалпы 2019 жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы, жеке қасиеттері басты өлшем ретінде қарастырылады, деп атап өтті ведомство.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Зардап шеккен 176 адам медициналық көмекке жүгінген, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды. 13 ақпанда екі күн бұрын Масанчи ауылында үйінді астынан бір адамның денесі табылғаны белгілі болды, оның 7 ақпандағы тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама нәтижесі бойынша анықталады.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қордайдағы оқиғадан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты. Қордайдағы жағдай президенттің тікелей бақылауында. 

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (59)

Тақырып бойынша

Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді
"Бәрі қорқып қалған": Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты  
Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: "Дүнгендерді жақтамадым"
Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты басшыларды Ақордаға шақырды
Кілт сөздер:
жаппай төбелес, Бақытбек Смағұл
Загрузка...

Басты тақырып