Қоғам

"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды

© Photo : пресс-служба сената парламентаСпикер сената Дарига Назарбаева
Спикер сената Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы үкімет бастамасымен әзірленген заң жобаларының сапасы сын көтермейтіндіктен, мәжіліс кейде оларды қайта жазып шығатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева заң жобаларының қаралу кестесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.  

Дариға Назарбаева заң шығару процесінің жалпы жақсарып келе жатқанына қарамастан, ұйымдастыру мәселелерін қарау барысында бірқатар шешілмеген мәселе бар екенін атап өтті.

Заң жобалары жұмыстарының жоспары жыл сайын бекітіледі, онда заң жобаларының парламентке әкелу мерзімдері көрсетіледі.

"Дегенмен жоспар іс жүзінде сақталмай отыр, жыл соңына қарай парламентке заң жобаларын беру мерзімдері үнемі өзгеріп кетеді. Менің ойымша, бұл жоспарлаудың сапасыздығы мен орындау тәртібінің төмендігін көрсетеді. Осыған байланысты заң жобалары жоспарының орындалуын жоспарлау мен бақылауды жақсарту қажеттігіне үкімет өкілдерінің назарын аударғым келеді", - деді Назарбаева.

Сенат төрағасының айтуынша, үкіметтің парламентке әкелетін заң жобаларының сапасы да проблема тудырады. Үкімет бастамасымен әзірленген заң жобалары бойынша мәжіліс ауқымды жұмыс жүргізеді, оларға түзетулер енгізіп, кейде заң жобасы қайта жазылады. Депутаттардың кейбір түзетулеріне қаржы шығындары талап етіледі,  оған үкіметтің қорытындысы қажет болады, ал ол уақыт алады. Үкіметтің қорытындылары келгенше көбінесе тиісті мерзім бұзылады.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

"Бір ғана мысал келтірейін – жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заң жобасы 11 қыркүйекте мәжіліске түсіп, онда үш ай қаралды. Сенатқа 12 желтоқсанда келді. Егер барлық мереке және демалыс күндерін есептен алып тастайтын болсақ, онда 3 жұмыс күнінен кейін оны палата отырысында бірінші оқылымда, ал 3 жұмыс күнінен кейін – екінші оқылымда қарауға мәжбүр болдық. Осылайша, сенат осы заң жобасын сенат отырысында қарау күндерін ескере отырып 8 жұмыс күні ғана қарады. Бұл қалай болғаны? Бұл біздің жұмысымыздағы алшақтықтың бір ғана мысалы", - деді Назарбаева.

Оның айтуынша, сенаторлар заң жобасын мәжіліске ешқашан негізсіз қайтарған емес әрі қайтаруды ұсынбайды.

"Сенаторлардың түзетулер енгізуі мен заң жобаларын мәжіліске қайтаруды жұмыс бабындағы істер процесі ретінде қалыпты қарау керек. Біздің барлық ұсынысымыз сайып келгенде заң жобаларының сапасын арттыруға бағытталған. Сапасыз заңдар мемлекет билігінің беделін түсіреді", - деді ол.

"Әрбір заңның артында орасан зор адамдардың, кәсіпорындардың, бизнестің тағдыры тұр. Бұл өте маңызды мәселе. Үкіметті осы жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарын қайта қарауға шақырамын, ол жұмыс істемей тұр", - деп түйіндеді Назарбаева.

Кеңеске мәжіліс басшылығының өкілдері, сенат бюросының мүшелері, әділет министрі, президент әкімшілігі басшылығының, премьер-министр кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ парламент палаталары аппараттарының басшылары қатысты.

Жаңалықтар
0