Қоғам

Саясаттанушы Ресей жеріне қатысты пікір айтты

© Photo : Официальная страница Эдуарда Полетаева в соцсетяхЭдуард Полетаев
Эдуард Полетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзінің негізгі заңын қалыптастыру – елдің ішкі құқығы, деген пікір айтты саясаттанушы Эдуард Полетаев

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ресейлік жерлерді меншіктен шығаруға тыйым салуды Конституцияда бекітуді қолдайтыны туралы мәлімдеген еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осыған қатысты саясаттанушы, "Еуразия әлемі" қоғамдық қорының президенті Эдуард Полетаев пікірін айтты.

"Бұл жерде мәселе Курил аралдарында емес, Қырым мәселесі көтеріледі. Путин Қырымның қосылуы талқыланбайды дегенімен, соңғы бірнеше жылдағы жағдай, санкцияланған соғыстар мен басқа да жайттар әлемнің Ресейдің бас көтеріп келе жатқанын біртүрлі қабылдайтынын көрсетеді. Сондықтан елдің негізгі заңындағы осы бекіту көптеген тарихи, саяси және ділдік себептерге байланысты", - деді ол.

"Меніңше, сарапшылар бірнешеге бөлінеді деп болжайтын Ресей сияқты ел үшін... Бұл біртұтас емес, федеративті құрылым. Менің ойымша, бұл "Ресей әлемдегі ең үлкен, бөлінбейтін мемлекет боп қалады" деген ел іші мен сыртқы бақылаушыларға бағытталған демонстрациялық акт. Бұл енді ұзақ талқыланады. Десек те, өзінің негізгі заңын қалыптастыру – елдің ішкі құқығы", - деп толықтырды Полетаев.

Жаңалықтар
0