07:04 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1115)
480 0 0

Кемеде коронавирус анықталғаннан кейін оны Жапонияға жақындатпай, карантин жарияланған болатын. Ол 19 ақпанға дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева Diamond Princess лайнерінде қамалып қалған қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі лайнерде қамалып қалған төрт қазақстандықпен байланыста отыр. Олардың денсаулығы жақсы. Жақын арада төртеуінен де сынама алынатын болады", - деді Баешева астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы тек күдікті адамдардан ғана сынама алуға кеңес берген. Ал қазақстандықтарда коронавирусқа шалдығу белгілері болмаған. Сол себепті олардан сынаманы кеш алып жатыр.

Тағы оқыңыз: Коронавирус таралған кемеде 4 қазақстандық бар екені анықталды

"Лайнерде қалған қазақстандықтар арасында балалар жоқ. Бүгінде үнемі келіссөздер жүргізіліп отырады. Барлық мәселелер сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі. Карантин аяқталады, одан кейінгі шаралар тағы пысықталатын болады", - дейді маман.

Лайнерге коронавирус қалай өтті?

5 ақпанда Жапонияның жағасында круиздік лайнердің карантинге қойылғаны туралы хабар тараған болатын. Себебі бір адамда коронавирус анықталды. Жолаушылардың жалпы саны – 3 700 адам.

Үш күннен кейін жаңа ауруға шалдыққандардың саны 70-ке жетті. Ал 10 ақпанда 130 адамның ауырып қалғаны белгілі болды.

12 ақпанда Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа тағы 39 адамның шалдыққанын жариялады. Олардың ішінде карантин қызметінің бір маманы да болған. Ол қорғаныс шараларын сақтамай, ауырып қалды.

Қазіргі кезде лайнерде 454 адам індетке шалдыққан. Карантин 19 ақпанға дейін жалғасады. Кеме 20 қаңтарда Иокогамадан шығып, 3 ақпанда қайтып келген. Бортта Қытайдың бір азаматы болған. Ол Гонконгтен түсіп, ауырып қалды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1115)

Тақырып бойынша

"Қорқынышты": Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты - видео
Қытай дәрігерлері бетперде кигеннен кейінгі түрін көрсетті – фото
Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген
Коронавирус туралы бірінші хабарлаған дәрігер қайтыс болды
АҚШ елшісі Қазақстанның коронавирус қаупіне дайындығы жайлы мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Жапония, қазақстандықтар, вирус
Загрузка...

Басты тақырып