21:38 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
357311

Ұйқы мөлшерін азайту көптеген адам үшін өте қауіпті. Адамның өмір сүру уақыты 10-15 жылға қысқаратыны дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан — Sputnik. Тәулігіне сегіз сағат ұйықтау қалыптасқан норма. Алайда бұл нормадан аз ұйықтайтындар да жоқ емес.

Наполеон Бонапарт, Александр Македонский, Леонардо да Винчи аз ұйықтап, көп нәрсе үлгерді деген пікір бар. Мұны тексеру қиын. Бірақ мұндай адамдарға еліктеп, ұйқы мөлшерін азайтуға болмайды, деп хабарлайды Sputnik радиосы биологиялық ғылымдар докторы Владимир Дороховқа сілтеме жасап.

"Наполеон, Александр Македонский, Черчилль, Маргарет Тэтчер аз ұйықтаған. Ал Тэтчерде қысқа ұйқы гені болды. Алайда бұл ген бар адамдар өте сирек кездеседі. Мұндай адамдар 4 сағатта ұйқы қандыра алады. Бірақ оларға еліктеуге болмайды", — деді сарапшы.

Ұйқы мөлшерін азайту көптеген адам үшін өте қауіпті. Адамның өмір сүру уақыты азаятыны дәлелденген.

"Аз ұйықтаған адамдардың өмірі 10-15 жылға қысқаратыны туралы талай ғылыми жұмыс жазылған. Ұйқы түнде біздің ағзамыз "жөндейді". Егер ұйқы мөлшері дұрыс болмаса, артық салмақ, диабет, жүрек аурулары пайда болады", -дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз: "Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео

Сондықтан дәрігер қысқа ұйқы гені барлар ғана сегіз сағаттан аз ұйықтай алатынын айтып отыр.

Тақырып бойынша

Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады
Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады
Күндіз ұйқы басса, не жеу керек – мамандар жауабы
Ақтөбеде ұйқы бермеген көршісін өлтірген әйел сотталмайтын болды
Ұйқы бермеді: Ақтөбе психдиспансерінде науқас қасындағы көршісін қылқындырып өлтірген
Кілт сөздер:
сағат, ұйқы, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып