Қоғам

Әскери бауырластық: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Отан қорғаушы күнін атап өтті

© Sputnik / Абзал КалиевПрием по случаю Дня защитника Отечества в посольстве России
Прием по случаю Дня защитника Отечества в посольстве России - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өз әскери борышын адал атқаратын офицерлер батылдық пен ерліктің үлгісі, дейді полковник Вадим Ухналев

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Отан қорғаушы күні қарсаңында мерекелік қабылдау ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы парламенті, үкіметі, қорғаныс министрлігінің және түрлі мемлекет дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.

Шараны Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі, полковник Вадим Ухналев ашты.

"Ресей тарихы Отанға деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік үлгілеріне толы. Ұрпақтар есінде Александр Невский, Дмитрий Донской, Минин және Пожарский ерлігі, Бородино шайқасы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, бітімгершілік миссиялары мен қазіргі заманғы терроризмге қарсы операцияларға қатысқан батырлардың ерліктері мәңгі сақталады", - деді Ухналев.

Ол ресейлік жауынгерлік дәстүрін өз әскери борышын адал атқарып жүрген сарбаздар және офицерлер жалғап келе жатқанын атап өтті. Олар күнделікті өмірде де, әскери жағдайда да ерлік көрсетіп, Ресейдің мемлекеттік мүдделерін қорғап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адал қызмет атқарып жүр.

© Sputnik / Абзал КалиевАвиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, РФ-ның Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, полковник Вадим Ухналиев
Әскери бауырластық: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Отан қорғаушы күнін атап өтті - Sputnik Қазақстан
Авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, РФ-ның Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, полковник Вадим Ухналиев

Ал Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов сөз сөйлеп, ресейлік әріптестерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

© Sputnik / Абзал КалиевАвиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов және полковник Вадим Ухналиев
Әскери бауырластық: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Отан қорғаушы күнін атап өтті - Sputnik Қазақстан
Авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов және полковник Вадим Ухналиев

Атап өтсек, бұрынғы КСРО-да, қазіргі Ресейде 23 ақпан – Отан қорғаушы күні. Ал тәуелсіз Қазақстанда бұл мереке 7 мамырда аталып өтеді.

Жаңалықтар
0