03:39 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1855702

Мамандардың айтуынша, тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ағзада ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін көрсетеді  

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институтының қызметкерлері кейбір дәрілер көлік жүргізу куәлігінен айыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады "Астана" арнасы.   

Мамандар тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін болса да ағзада көрсетеді дейді. Жылдам сараптама жасайтын құрылғылар оны бірден анықтап береді екен. Сондықтан адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы әбден мүмкін. Мұндай жағдай жиі кездесетін көрінеді. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.

"Әрине, дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді. Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар. Осындай даулы мәселеде бірден зертханалық сараптама жасатқан жөн",- дейді Алматы қаласы сот сараптамалары институтының бөлім басшысы Дарья Скурихина.

Алайда адам ағзасындағы зиянды заттардың мөлшері сағат сайын азаятындықтан зертханалық сараптама уақыты да шектеулі. Ал көлік тізгіндеген азаматтардың көбі тек тыныштандыруға арналған дәрілік заттардан ғана хабардар екен.

Оқи отырыңыз: Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды

Айта кетейік, елде 11 қаңтардан бастап жол жүру ережесіне қатысты заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни, мас күйде көлік тізгіндегендерге қатысты жаза қатайды. Жаңа заң күшіне енген күннен бері Алматы қаласы бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген 52 жүргізуші анықталып, ісі сотқа жіберілген. Оның он тоғызы жол апатына түскен.

"Жүргізушілер мас күйінде немесе есірткі қолданып жүрген кезінде ұсталды. Сол 52 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, олар жауапқа тартылды. Олар жеті жылға жүргізу куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамалды. Өткен жылмен салыстырғанда 68 пайызға азайыпты", - дейді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Мұндай даулы мәселеден аулық болу үшін бірінші кезекте дәрілердің құрамын қарау керек дейді мамандар. Өйткені аталған зиянды заттар дәрілердің барлығында бірдей бола бермейді екен.

Тақырып бойынша

"Такси келмеді": Қостанайда кәсіпкер досының туған күнінен кейін қамауға алынды
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
"Кінәлі екеніне күмән жоқ". Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы полковниктің қызын кешірмеді
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді
2020 жылы жүргізушілер қанша айыппұл төлейді
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, жүргізуші куәлігі
Загрузка...

Басты тақырып