01:14 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2445 0 0

Қазақстанда судьяның процестік рөлін түбегейлі өзгерту жоспарланып отыр, нәтижесінде іс жан-жақты қаралып, әділ шешім шығаруға талпыныс жасалмақшы

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Парламент мәжілісі соттардың жұмысын заманауи форматта жүргізуді реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың айтуынша, бүгінде халық тарапынан "Неге судья істің ақ-қарасына тереңірек үңілмейді? Неге басқа мән-жайларды зерттемейді? Неге тек ұсынылған дәлелдерге қанағаттанып, шешім шығарады?" деген сұрақтар жиі қойылады. Осы өкпе-реніштер орынды айтылып жүр. Бірақ қазіргі азаматтық-процестік кодекстің талаптары судьяға жұмысты басқаша жүргізуге мүмкіндік бермейді. Кодекс бойынша судья талап-арыздың шеңберінен шықпауы тиіс. Артық сұрақ қоюға болмайды. Қосымша дәлел де талап етуге мүмкіндік жоқ.

"Судья тараптар нені талап етсе, тек сол сұрақты ғана қарап, сол сұрақ бойынша ғана шешім қабылдауға міндетті. Өз бетінше басқа мән-жайды анықтауға, өзге дәлелдерді сұратуға судьялардың еш құқығы жоқ. Біреу өзінің талабын құқықтық тұрғыда дұрыс қоймаған жағдайда судья оны біліп тұрса да, өзінің көзқарасын айтып, заңды түсіндіре алмайды, көмек беруге мүмкіндік жоқ", - деді Таймерденов.

Жаңа заң жобасына сәйкес, судьяның процестік рөлін түбегейлі өзгерту жоспарланып отыр. Соның арқасында іс жан-жақты қаралып, әділ шешім шығарылады деген болжам бар.

"Әділ шешім шығару үшін дауды жан-жақты, бүге-шүгесіне дейін түсініп, бәрін анықтау қажет. Ол дегеніміз, судья процестік жағынан еркін болуы тиіс. Қандай уәжді немесе дәлелді зерттеу керек екенін өзі шешуі шарт. Бұл біз ашып отырған жаңалық емес, озық дамыған соттарда бұрыннан бері қалыптасқан тәжірибе. Осы түзетуді қабылдасаңыздар, істің ақиқатына жету үшін судья белсенді, ал сот процесі одан да жарыспалы болады", - деп атап көрсетті Таймерденов.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.

Тағы оқыңыз: Алматыда судья қамауға алынды

Кілт сөздер:
судья, заң жобасы
Загрузка...

Басты тақырып