23:27 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6733 0 0

Депутаттар еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулерді екінші оқылымда қарады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары отбасында науқас адам бар қызметкерлер үшін ерекше жұмыс кестесін қарастыратын түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңашылдық еңбек мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылған. Құжат еңбек қатынастары, әлеуметтік серіктестік, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін қамтиды. 

Депутат Жанат Омарбекова заң жобасы бойынша сөйлеген сөзінде қызметкерлерді еңбек жағдайында кемсіту фактілерін болдырмау мақсатында Еңбек кодексінде қызметкердің лайықты еңбек және тұрмыс жағдайына құқығы туралы норма бекіту ұсынылғанын атап өтті.

"Масқара!": Сенатта қытайға тиген қазақ қыздарына қатысты мәселе көтерілді

Сонымен қатар, депутаттар әкімшілік заңнамаға жұмыс берушілерді кемсітушілік фактілеріне жол бергені үшін жауапкершілікке тартуға негіз енгізуді ұсынды.

Депутаттардың науқас туысына күтім жасайтын қазақстандықтардың жұмыс уақытын өзгерту туралы ұсынысы жеке бастама болды.

"Науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты режиміне құқық беру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлерге жұмысты жеке және отбасылық қажеттіліктермен, міндеттемелермен үйлестіруге мүмкіндік береді", - деді халық қалаулысы пленарлық отырыста.

Заң жобасының тағы бір жаңалығы – жұмыс берушінің азаматтарды әскери қызмет өткеру кезеңінде жалақысыз еңбек демалысын беру арқылы жұмыс орындарында ұстау міндеттемесі туралы тармақ.

Жоба сонымен бірге кадрлық іс жүргізуді цифрландыруды қарастырады, оның аясында жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жібере алады.

Сонымен қатар, заңнамада бір ұйымда тек бір ғана ұжымдық шарт жасалуы мүмкіндігі туралы анықтама енгізу ұсынылған, өйткені бірнеше ұжымдық шарттың болуы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы дауларға әкеледі.

Мәжіліс депутаттары еңбек мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат сенатқа жолданды.

Тақырып бойынша

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі
Назарбаев тапсырмасы орындалмады: министрлік депутат мәлімдемесін жоққа шығарды
Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
Депутаттар вице-премьерден Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын сұрады
Министр Нұрымбетов жаңа жәрдемақыны келеке еткендерге жауап берді
Кімнің кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылды
Кілт сөздер:
депутаттар, жұмыс
Загрузка...

Басты тақырып