00:35 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
664830

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде қазақстандық студенттердің небәрі екі проценті ғана ауыл шаруашылығы мамандығында оқиды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. "Олжа-Агро" ЖШС бас директоры Айдарбек Қожаназаров ауыл шаруашылығының дамуын тежеп тұрған басты проблеманы атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық агрономның айтуынша, еліміздің аграрлық секторында білікті мамандар тапшы, кадрлық аштыққа ұшырап отыр.

"Мәселен, біз бәріміз жан жақтан ет-мал шаруашылығын дамыту керек деп айтамыз. Бірақ еңбек нарығында кәсіби зоотехниктер жоқ. Барлары жұмыс істеп жатыр, ал жаңа кадр дайындалмайды. Мал бағатын малшы таба алмайсың", - деді Қожаназаров сенатта агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы парламенттік тыңдауда.

Мысалы, оның айтуынша, Қостанай мемлекеттік университетін 2018 жылы 15 зоотехник тәмамдаса, былтыр 40-қа тарта маман бітірген. Ал жергілікті ауыл шаруашылығы колледжінде зоотехника факультеті атымен жоқ.
Агроном өзі басқаратын "Олжа Агро" кәсіпорны да маман тапшылығын сезініп отырғанын атап өтті.

"Мәселен, бізде 270 жұмыс орны бос тұр. Оның ішінде 20 агроном,  114 механизатор, 3 ветеринар және 20 зоотехник керек, ал біз жұмыссыздық туралы айтамыз. Бізде істейтін зоотехниктердің жартысы зейнеткерлер. Біз жыл сайын оларға кетпеңізші деп жалынамыз. Өйткені ауыл шаруашылығын сеніп тапсыратын ешкім жоқ. Сол себепті "Болашақ" бағдарламасы бойынша грант бөлген кезде, осы мәселені ескеру керек шығар?!", - деп мұңын шақты кәсіпкер.

Ол мамандар тапшылығын білім және ғылым базасының әлсіздігімен байланыстырды.

"Мойындайықшы, агромамандықтарды қалаған факультетіне түсе алмай, жолы болмаған жастар таңдайды. Амалсыздан осы мамандыққа барады. Халқымыздың жартысы ауылда тұрса да, студенттердің екі проценті ғана ауыл шаруашылығы мамандығында оқиды екен. Ойландыратын мәселе емес пе?", - деді ол.

Қожаназаров ауыл шаруашылығы саласының мамандарына қойылатын талаптар әдейі төмендетілгенін мойындады. Ал қазір, айтуынша, аграрлық сектор өз "еңбегінің" жемісін көріп отыр.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты

Сонымен қатар, кәсіпкер агроғылымды қаржыландыру тетігін өзгертуді ұсынды.

"Соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы ғылымына бөлінетін қаржы екі есеге өскен. Бірақ нәтиже сол қалпы. Яғни, қаржы ұлғайғанмен, тиімділік жоқ. Соған қарағанда, мәселе ғылымды қаржыландыруда емес, оның әдіс-тәсілдерінде шығар? Отандық агроғылым саланың табыстылығын ұлғайтып, тиімділігін арттыруы керек. Бюджеттен ғылымға құйылған ақша салаға пайдасын әкелуі тиіс", - дейді Қожаназаров.

Ол күрделі проблемаларға көшу үшін алдымен осы мәселелерді шешіп алу керек деп санайды.

Тақырып бойынша

Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Загрузка...

Басты тақырып