15:04 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1320 0 0

Төрт адам әкімшілік жауапқа тартылды, олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанда заңсыз митингтер кезінде 80-ге жуық адам ұсталған, олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, азаматтардың бір бөлігі заңсыз митинг өткізбекші болғанын атап өтті.

"Қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданды. Сексенге жуық азамат полиция органдарына жеткізілді. Профилактикадан кейін барлығы үйіне жіберілді", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұхбатында.

Айтуынша, төрт адам әкімшілік жауапқа тартылған. Олардың біреуіне айыппұл салынса, үшеуі әкімшілік қамауға алынды – екеуі полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін, ал біреуі заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін.

Бұған дейін бас прокуратура Қазақстан азаматтарын арандатушылыққа бой алдырмай, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырған еді.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың экс-кеңесшісі Қытайға қарсы митингілерді кім өршітіп жатқанын болжады

Ведомство заңсыз митингке қатысқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы елде экстремистік ұйым ретінде танылған. Жетекшісі – қашқын банкир Мұхтар Әблязов.

Тақырып бойынша

Тұрғымбаев полицейлер баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты
"Бұл бәрібір болатын нәрсе": Президент митинг туралы пікір білдірді
Тұрғымбаев: Қордайдағы жаппай төбелес кезінде 8 адам қаза болды
Тұрғымбаев құқық қорғаушыларды дайындау саласындағы өзгерістерді жария етті
Кілт сөздер:
Ерлан Тұрғымбаев, митинг
Загрузка...

Басты тақырып