10:29 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1194 0 0

Профессор "коронавирустан қорғану үшін сарымсақ жеңдер" деп айтпағанын мәлімдеді, алайда көпшілік жерде медициналық бетперде тағып жүруге кеңес берді

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "коронавирустан қорғану үшін сарымсақ жеу керек" деген аудиожазба тарап жатыр. Оның авторы бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Жақсылық Досқалиев делінген. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі профессорға хабарласып, мән-жайды анықтады.

"Аудионы мен де тыңдадым. Ол менің дауысым емес. Мен ондайды ешқашан айтпаймын. Бұл – бос әңгіме. Мұның не үшін жасалып жатқанын да білмеймін", - деді Досқалиев.

Профессордың айтуынша, коронавирустан қорғану үшін әр адам жеке гигиеналық-санитарлық нормативтерді сақтауы керек.

"Кез келген ортада бірінші болып байланыс жасайтын ол адамның қолы. Барлығын қолмен ұстап көреміз. Инфекция әр затта болуы мүмкін. Адам үйге кірген кезде міндетті түрде қолын жууы керек. Адам  лифт ішінде лифт тетігін басады. Көпқабатты үй болса, сатылармен көтерілген кезде де қолымен ұстайды", - деді дәрігер.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, көпшілік жерде медициналық бетперде тағып жүрген жөн. Алайда көшеде жаппай бетперде тағып жүрудің қажеті жоқ.

"Адам көп баратын ойын-сауық кешендерінде бетперде киіп жүру керек. Қажет болмаса, көпшілік жерге бармаған жөн. Бұл инфекция елімізге кірген жоқ. Жаппай бетперде тағып жүретіндей жағдай туып тұрған жоқ", - деді ол.

Қытайдан тараған коронавирус

Соңғы мәлімет бойынша, әлем бойынша корновариус жұқтырғандар саны 90 370 адамға жетті. Қытайда ауру жұқтрығандар саны – 80 151, оның ішінде 2943 адам көз жұмды. 47 204 адам емделіп шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус әлемнің 64 еліне тарап үлгерді. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 4335 адамға жетті, Италияда – 2036 адам, Иранда 1501 адам ауру жұқтырған.

Тақырып бойынша

Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті
Министрлік Қазақстанда коронавирус анықталған жағдайда "Б" жоспарына көшеді
Мамин коронавирустың таралуына байланысты бірнеше тапсырма берді
Қазақстан Иран азаматтарына елге кіруге тыйым салды
"Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған науқас жоқ – денсаулық сақтау министрлігі
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, Жақсылык Досқалиев
Загрузка...

Басты тақырып