Қоғам

ҰҚК Ақмола облысында өткізілген операцияның видеосын жариялады

Жазылу
Жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" тапаншасын және оның 1300-ден аса патронын алды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

2020 жылдың 27 ақпанында комитеттің "А" арнайы мақсаттағы қызметі мен полиция департаментінің "Арлан" арнайы бөлімшесінің күшін тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" тапаншасын және оның 1300-ден аса патронын алды.

Тағы оқыңыз: ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі - фото

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0