Қоғам

Масанчи ауылында үйінді астынан табылған адамның кім екені белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинТәртіпсіздіктерден кейінгі Масанчи
Тәртіпсіздіктерден кейінгі Масанчи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіттің әкесі баласының жоғалып кеткені туралы полицияға тоғызыншы ақпанда хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қордайдағы қақтығыстан кейін Масанчи ауылында үйінді астынан табылған күйіп кеткен адам 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.

"Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады", - деп мәлімдеді департаменттен.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Он адам көз жұмды, жүздеген адам жарақат алды. Кейін қираған ғимаратты тазарту жұмыстары кезінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты.

Қордай ауданы  – халқы 145 мың болатын Жамбыл облысындағы аудан. Масанчи ауылы Қырғызстанмен шекарадан алыс емес. Ол жерде 13 мың адам тұрады. 90%-і - дүнген, 5% - қазақ, 5% - орыс.

Жаңалықтар
0