21:47 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
514 0 0

Өнер адамдарының бірқатары Халықаралық әйелдер күні мерекесін халықтың ортасында атап өтетінін айтты, олар елдің қошеметінен асқан сыйлық жоқ деп санайды

АЛМАТЫ, 6 наурыз  – Sputnik, Айгерім Таубай. Халықаралық әйелдер мейрамы сый жасап, қыздардың көңілін тауып, қуанту үшін таптырмас мүмкіндік. Ана мен баланың, ер мен әйелдің қарым-қатынасын жақсарта түсетін айтулы мерекенің басты қызығы – тілек айту, сый жасау. Осы орайда Sputnik тілшісі өнер адамдарына хабарласып, кімге қандай сый жасайтынын сұрады.

Өмірде де, өнерде де бірге жүрген Жанболат пен Жазира мерекені жыл сайын халықтың ортасында тойлаймыз дейді. Әнші Жанболаттың айтуынша, Жазира үшін одан асқан сый жоқ.

"Ұлымыз екеуміз жыл сайын Жазираға гүл сыйлаймыз. Ал биыл қандай сыйлық жасайтынымызды ойластырмадық. Ал осы уақытқа дейін жасаған сыйлығымның ішінде ең ерекшесі – тапсырыспен жасалған домбыра болды. Оның өз тарихы бар. Жазираның әкесі қыздарына продюсер болып, шетелге шығарып жүрген екен. Әпкесі Ләззат (Ләззат Байырбекова – Sputnik) екеуі бірге дуэт болған. Отбасын құрған соң екеуміз бірге шығатын болдық. Бірде Жазира сахна сыртында әкесінің домбыра ұсынып тұрғанын түсінде көріпті. Маған түсін айтып берген соң, домбыра сыйлаймын деп шештім", - дейді Жанболат Ербатыров.

Жыл сайын мерекені концертте, халықтың ортасында атап өтетін жұлдызды жұп елдің қошеметінен асқан сыйлық жоқ деп санайды.

Ал жақында ғана төртінші баласы дүниеге келген "Музарт" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов "әйеліме өзім сыйлықпын" деп бастады сөзін.

"Қазір әйеліме өзім сыйлық болып жүрмін. Мереке күніне қарамай, үнемі қалаған затын алып беремін. Бұл жолы да солай істейтін шығармын. Өткенде ғана алтын білезік, сырға сұрады. Соны аламын деп жоспарлап отырмын. Анама да дәл солай. Не сұраса, соны аламын. Мереке қарсаңында не қалайтынын сұрап аламын", - дейді ол.

Ал әнші Бүркіт жары Аишадан ештеңе аямайтынын, қалаған затын алып беретінін айтады. Бұл жылы да бағалы сыйлық жасауды жоспарлап отыр.

"Cartier" білезігін сыйлаймын. Біраз уақыт бұрын айтып жүрген болатын. Ал жалпы сыйлық жасау үшін мерекені күтудің қажеті жоқ. Өзі не қалайды, соны алып беремін", - деді Бүркіт.

Актер Асылхан Төлепов не сыйлайтынын ашып айтқысы келмеді.

"Үйдегі қыздарды әдемі гүл шоқтарымен құттықтаймыз. Тілегімізді айтамыз", - деп қысқа қайырды ол.

Оқи отырыңыз: Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты? 

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға ұлдары Әли мен Мәди жыл сайын міндетті түрде 3 рет сый жасайды. Әли Оқаповтың айтуынша, бұл отбасының өз дәстүріне айналған.

"8 наурыз – әйелдер мейрамына сыйлығым дайын. Анама "Michael Kors" кроссовкасын сатып алдым. Себебі анам спорттық аяқ киімді көп кимейді. Заманауи стильге жақын болғанын қалағандықтан алдым. Интернет арқылы тапсырыс бердім. Қазір үйімде тұр" – дейді Әли.

Оның айтуынша, отбасы мүшелері өнер адамы болғандықтан, мереке күнін жұмыста тойлайды.

"Інім Мәди екеумізде үрдіс бар. Жыл сайын анамызға міндетті түрде 3 рет сыйлық жасаймыз: жаңа жылда, 8 наурызда және туған күнінде. Алдын ала Мәди екеуіміз хабарласып, біріміз алған затты қайталамас үшін келісіп қоямыз. Ал биыл Мәдидің не сыйлайтынын білмеймін. Мереке күні біз жұмыс істейміз. Ал 9 нурызда дастарқан басында, анамыздың қолынан шай ішіп отырып, тілегімізді айтып, сыйлығын табыстаймыз. Биыл да қарапайым түрде құттықтаймыз", - дейді Оқапов.

Ал әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев жыл сайын анасына сыйлық жасар кезде қиналатынын айтты. Қаржылық жағынан емес, таңдау жағынан.

"Жыл сайын анама сыйлық таңдау мен үшін өте қиын. Үнемі не сыйласам болады екен деп көп ойланамын. Себебі анам гүлді мүлде ұнатпайды және ешқандай жағдайда гүл сыйламауымды өтінеді. Ал биыл сөмке сатып алдым. Дүкен аралаған жоқпын, интернет арқылы тапсырыс бердім", - дейді Диас.

Әнші Нұржан Керменбаев та сыйлық жасау үшін мерекені күтудің қажеті жоқ деген пікірде. Биыл үйімдегі аруларға гүл ғана алып беретін сияқтымын деп әзілдеді әнші.
"Аналарымыз барлық сыйға лайық. Бізді жарық дүниеге әкеліп, әлпештеп өсірді, жеткізді. Ол кісілерді Меккеге арқалап апарсақ та, қарызымызды өтей алмаймыз. Ал өзім тек 8 наурызда ғана емес, басқа уақытта да бағалы, құнды сыйлық жасап тұру керек деген қағиданы ұстанамын. Ал биыл үйдегілерге гүл алып беретін сияқтымын. Өзім соған дайындалып отырмын", - деді әнші. 

Тақырып бойынша

8 наурыз мейрамы туралы ер адамдар не ойлайды - видео
Назарбаев жөтеліп отырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді – видео  
Қазақстандық ауыр атлет қыздар 8 наурыз туралы: Біз үшін ондай мереке жоқ
8 наурыз мерекесін тойламайтын 8 ел
Назарбаев: Еркектерге ойланатын кез келді
Кілт сөздер:
8 наурыз, сыйлық, қазақ әншілері
Загрузка...

Басты тақырып