Қоғам

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өту8 наурыз мерекесіне дайындық
8 наурыз мерекесіне дайындық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенетінін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нәзік жандарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады", - делінген құттықтауда.

Президент егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.

"Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін", - деген Тоқаев әйелдерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақ әншілері әйелдер мерекесінде қандай сыйлық жасайды

Айта кетсек, биыл Халықаралық әйелдер күніне орай жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтпейді. Қазақстан президенті әлемде коронавирустың таралуына байланысты осындай шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0