03:11 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2388 0 0

Бірінші сәуірден бастап жаңа №19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау" жолаушылар пойызы жүре бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне кейбір өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

1 сәуірден бастап "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұратын, жаңа №19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау" жолаушылар пойызы жүре бастайды. Пойыз күн ара, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол стансасынан тақ күндері қатынайды.

3 сәуірден бастап №54/53 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Достық" бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына екі рет қатынайтын болады. Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтіледі.

№701/702 "Алматы-2 – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" бағытындағы "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде 6 рейс іске қосылады. Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурыз күндері, ал Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда аттанады.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап №321/322 "Алматы-2 – Нүкіс" бағытындағы жолаушылар пойызының маршруты Сарыағаш стансасына дейін қысқартылады және Алматы-2 стансасынан тақ күндері жөнелтіліп, күн ара қатынайды.

2 сәуірден бастап №309/310 "Маңғыстау-Ақтөбе" және №648/647 "Мискен-Бейнеу" жолаушылар пойыздарының құрамындағы "Маңғыстау-Нүкіс-Маңғыстау" бағытында тікелей қатынайтын вагондар алынып тасталады.

Тағы оқыңыз: Алматы-Қостанай пойызынан тоғыз бірдей жолаушының неге түсірілгені белгілі болды

1 сәуірден бастап №393/394 "Алматы-2-Алтынкөл" бағытындағы және №91/92 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынауын тоқтатады.

 №705/706 "Алматы-2-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызы мына күндері: Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 26, 27, 28, 29, 30,31 наурызда уақытша жүрмейді.

Тақырып бойынша

Қазақстанда жолаушылар пойызы қатты аязға байланысты станцияға қайта оралды  
Аршалы маңында жолаушылар пойызы бір үйір жылқыны басып кетті – жантүршігерлік видео
Орал-Алматы жолаушылар пойызы кері қайтарылды
Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Загрузка...

Басты тақырып