Қоғам

"Өзгеріп кеткен": Димашпен суретке түскен Иманғали Тасмағамбетовті жұрт танымай қалды

© Sputnik / Рамиль СитдиковҚазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов
Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі музыканттың ортасында тұрған экс-елші Иманғали Тасмағамбетовтің ерекше образы қазақстандықтарды таңғалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Димаш Құдайберген 8 наурыз кешке Иманғали Тасмағамбетов және Игорь Крутоймен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін Мәскеуде. Иманғали аға және Игорь аға", - деп жазды Димаш Құдайберген суреттің астына.  

Суретте Тасмағамбетов қызыл әскердің костюмін киіп алған. Бұрынғы елшінің образы жұртты таңғалдырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін Мәскеуде. Иманғали аға және Игорь аға. @igorkrutoy65

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Иманғали Нұрғалиұлы мүлде өзгеріп кетіпті. Қатты өзгерген. Танымай қаласың",  "Димаш, Иманғали аға неге ондай костюм киіп алған?", "Иманғали аға қызыл әскер болып кеткен бе?", "Ортасында тұрған Иманғали Тасмағамбетов пе?", деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетсек, 8 наурыз мерекесінде Димаш Құдайберген Кремль сарайында жаңа әнін таныстырды. Ән "Your Love" деп аталады, сөзін Лара Фабиан жазған.

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. Зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0