03:01 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (853)
8484 0 0

Жандарбек Бекшин қазіргі жағдайда коронавирус Қазақстанға бір-екі аптаның ішінде кіруі мүмкін екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Бас санитар Жандарбек Бекшин коронавирустың Қазақстанға қашан кіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің болжамымызға сәйкес, 11-16 наурыз аралығында бізде коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана, бір апта ары, бір апта бері, коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы шаралар қолға алынады. Енді ол болжам орындалмасын деп тілейік", - деді Бекшин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің жанында арнайы топ бар. Оған кіретін мамандар коронавирустың келу уақытына болжам жасайды. Қазіргі жағдайда осы індет Қазақстанға бір-екі аптаның ішінде кіруі мүмкін.

Коронавирустың қаупі: министрлік демалыссыз жұмыс кестесіне көшті

"Өзіңіз көріп отырсыздар, қазіргі кезде коронавирустың шеңбері қысып жатыр. Бас кезінде Қытай ғана болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Иран, енді Еуропа қосылды. Былай қарасаң, бізді коронавирус жан-жақтан қоршап алды. Басында біз ауруды кіргізбеуге тырыстық. Ендігі мақсатымыз – ол індеттің таралуына жол бермеу. Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз. Себебі вирус жануар емес, оны бір жерге қамап ұстай алмайсың", - деп түйіндеді Бекшин.

Коронавирустың өршуі

Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында тарала бастады. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын-соңды белгісіз болған ауру өршіді. Қазір коронавирус әлемнің 100-ге жуық елінде анықталды. Джон Хопкинс институтының мәліметінше, әлемде 113 773 адам коронавирус жұқтырған, 4 008 адам көз жұмды. 63 663 адам аурудан айықты.

Қазақстанда әзірге коронавирус тіркелген жоқ. 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (853)

Тақырып бойынша

Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды
Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Коронавирустан кімдер жиі көз жұмады
Экономистер доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Қазақстан коронавирусқа байланысты қауіпті елдер тізімін өзгертті
Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып