15:20 28 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (66)
73 0 0

Бас прокурордың орынбасары күдіктілердің барлығы әзірге анықталмағанын атап өтті, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қордай қақтығысынан кейін бес адам ұсталған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қордай оқиғасы бойынша, білуімше, бес адам ұсталды. Екеуі – ересек адамды ұрғаны үшін бұзақылық фактісі бойынша және полиция қызметкерлеріне бағынбау фактісі бойынша. Бұл БАҚ-та кеңінен жарияланды. Адам өлтіру, әдейі өрт қою фактілеріне қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді Дембаев мәжілісте БАҚ өкілдеріне.

Ол күдіктілердің барлығы әзірге анықталмағанын атап өтті.

"Бейнематериалдар қаралып жатыр, осыдан кейін шешім қабылданады", - деді бас прокурордың орынбасары.

Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған еді.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Он адам көз жұмды, жүзден астам адам жарақат алды. Кейін қираған ғимаратты тазарту жұмыстары кезінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Қордай ауданы  – халқы 145 мың болатын Жамбыл облысындағы аудан. Масанчи ауылы Қырғызстанмен шекарадан алыс емес. Ол жерде 13 мың адам тұрады. 90%-і - дүнген, 5% - қазақ, 5% - орыс.

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (66)

Тақырып бойынша

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Қордай ауданында әскери қызметшілер бес адамды құтқарып қалды
Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео
Полиция Қордай ауданының азаматын ұстады
Загрузка...

Басты тақырып