09:52 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10760 0 0

Елбасы ММУ ректоры Виктор Садовничиймен кездесіп, университет музейіндегі құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Мәскеу университетінің жұлдызы" тапсырылды. Бұл – Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары қоғамдық марапаты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болды. Ол ректор Виктор Садовничиймен кездесіп, тұңғыш президент кітапханасының еуразиялық интеграция идеясына арналған экспозициясымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасы университет музейін аралап, онда құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

"Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті докторы Нұрсұлтан Назарбаев университеттің ең жоғары наградасы – "Мәскеу университетінің жұлдызымен" марапатталды", - деп жазды Елбасы сайты.

Қазақстанның тұңғыш президенті Мәскеу мемлекеттік университетінің беделі жоғары екенін және халықаралық деңгейде мойындалғанын мәлім етті.

"Университет Ресейдегі қажетті мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын ең ірі және маңызды оқу орны болып қала береді", - деді ол.

Ректор Виктор Садовничий Назарбаевқа сапармен келгені үшін алғыс білдіріп, Елбасының Еуразия құрлығындағы интеграциялық процестерді нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Мәскеуге барды – фото

"Мен сіздің біздің университетке деген көзқарасыңызды жоғары бағалаймын және ЕАЭО-ның дамуына қосқан үлесіңізге таңырқай қараймын. Сіз дұрыс және нақты шешімдер қабылдадыңыз. Әрдайым ынтымақтастықты бағдарға алдыңыз", - деді ММУ ректоры.

1994 жылы наурызда ММУ қабырғасында Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастама көтерді. Ол ынтымақтастық жоспарларының тұжырымдамасын ұсынды, 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды.

"Қырықтан астам мемлекет қосылуға ниет білдірді. Өйткені қазіргі әлемде интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес. Интеграция мемлекеттің одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Мен ЕАЭО-ның болашағы бар деп санаймын. Бәрімізде ауқымды жұмыс күтіп тұр", - деп толықтырды Назарбаев.

Елбасы қиындықтарға қарамастан, ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы тауар айналымы көлемі өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.

Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ММУ филиалына жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын оқу корпусы берілетінін хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа посткеңестік кеңістіктегі интеграцияны дамытқаны үшін алғыс айтты. Қазақстанның тұңғыш президенті қызметінен кеткеннен кейін елдің дамуына қатысты мәселелермен белсенді айналысуды жалғастырып жатқанын айтты.

Өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды. Елбасы жаңа мәртебені ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде иеленді.  

Тақырып бойынша

Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті
Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді   
Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
"Путиннің дәуірін" қорытындылауға ерте": Назарбаевтың Ресей басшысы жайлы сұқбаты
Назарбаев Путиннің қандай қасиеті таңғалдырғанын айтты
Назарбаев Путинмен қалай дауласқанын айтты
Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты
Кілт сөздер:
марапат, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып