15:06 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1194)
3611 0 0

Қазақстанда 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Наурыз мейрамын тойлауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Науры - біздің ең үлкен мейрамымыз ғой. Бірақ өмірдің қауіпсіздігі – басты мәселе. Сондықтан қазір азаматтардың барлығына бас қоспаңдар деп айту қиын. Себебі қазақ бұрыннан бері бір-біріне барып, амандасып, қал-жағдайды сұрастырған ғой. Ал Наурызға байланысты үлкен тойлардың бәрі, көп адамдар жиналатын жерлерге тыйым салынады. Бірақ адамдардың бір-біріне барып, көрісуіне, бір-бірін құттықтауына ешқандай шектеу қойылмайды", - деді Тоғжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, адамдардың бір-біріне баруына тыйым салу қиын. Оны ешкім қадағаламайды.

"Әрине, әрбір адам өзін ғана ойламауы керек. Әрбір азамат өз жанұясын ойлауы керек, айналасындағы ағайындарын ойлауы керек. Сондықтан ағайындар бір-біріне барып, құттықтап жатса, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймыз. Ал бұрынғдай мың адам жиналатын үлкен шараларға тыйым салынады", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Тоқаевтың тапсырмасы

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімеді. Осыған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шаралар әзірледі. 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық ұйым тиісті режимге көшетін болады. Жалпы, келесі шаралар қарастырылған:

  • Денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық көпшілік орындары, білім беру ұйымдары халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоммуналдық шаруашылық, тамақ өнекәсібі орындары, базарлар, қонақ үйлер, әуежайлар мен вокзалдарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу;
  • Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға шектеу қою;
  • Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу;
  • Қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз ету;
  • 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру;
  • 1"а", 1"б", екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорттық, мәдени туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытша шектеу енгізу.
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1194)

Тақырып бойынша

Оқушылардың демалысы 16 наурызда басталады – үкімет арнайы шаралар қабылдады
Қазақстан үкіметінің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі – видео
Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ - Тоғжанов
Қазақстанда коронавирусқа байланысты халықаралық конференция өтпейтін болды
Қазақстанда барлық кинотеатр жабылады
Коронавирус індеті: Қазақстан шекарасын кесіп өткендер саны он есеге қысқарды
Кілт сөздер:
Наурыз мейрамы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып