07:54 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1115)
3534 0 0

Қаражат серіктес халықаралық ұйымдар, оның ішінде Қызыл Крест және Қызыл жарты ай қоғамдарының федерациясы арқылы жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавируспен күресуге 890 мың доллар бөлуге дайын. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов COVID-19 мәселесі бойынша халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы ресми өкілдерімен кездесті.

"АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін арттыруға 890 мың доллар бөлуге дайын. Бұл қаражат серіктес халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының халықаралық федерациясы Abt Associates Inc.)", - деп хабарлады министрлік.

Кездесу барысында бірлескен жобалық команда құру шешілді. Ол медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, зертханалық мүмкіндіктерді күшейту, емдеу секілді мәселелермен айналысады.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Ирина Смирнова үкімет коронавирусқа бөлінген қыруар қаражат қалай жұмсалып жатқанынан қазақстандықтарға айтуы тиіс деп мәлімдеген болатын.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін 3,5 миллирад теңге бөлінгені хабарланды.

Тағы оқыңыз: Канада премьерінің әйелі коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаражаттың бір бөлігі қорғану құралдары – бетперде, костюм, көзілдірік, зарарсыздандыру құралдары, тепловизор, зертханалық қондырғылар алуға жұмсалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда әзірге коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. Бірақ билік ауқымды эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін қолға алды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1115)

Тақырып бойынша

Министр Абаев: коронавирус жұқтырып алудан қорықпаймын
Бас санитар: 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус кіруі мүмкін
Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді
Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер етті
Кілт сөздер:
АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып