Қоғам

Министр азық-түлік тапшылығы туралы айтты

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуСотрудница супермаркета
Сотрудница супермаркета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанға сырттан келетін азық-түліктің басым бөлігі - тауық еті мен қант. Алайда көрші Ресей осы тауарларды артығымен өндіріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде WhatsApp пен басқа да әлеуметтік желілерде таралып жатқан суреттер бойынша дүрбелең туғызуға ешқандай себеп жоқ. Сондықтан халықты осындай хабарламаларға сенбеуге шақырамын", - деді Сұлтанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тұрақты. Жыл басынан бері баға небәрі 0,6 процентке өсті.

"Бұл - 2015 жылдан бері тіркеліп отырған ең төменгі көрсеткіш. Ақпанның соңғы аптасында біз барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 0,1 процентке арзандағанын байқадық", - деп атап көрсетті Сұлтанов.

Қазіргі кезде Қазақстанға сырттан келетін азық-түліктің басым бөлігі - тауық еті мен қант. Алайда көрші Ресей осы тауарларды артығымен өндіріп отыр. Сол себепті импорт жағынан да тапшылық болмайды.

"Сондықтан бүгінде ішкі нарықта ешқандай тапшылық жоқ деп айтуға болады", - дейді Сұлтанов.

Сауда орталықтарында не болып жатыр?

Кеше коронавирусқа қатысты биліктің мәлімдемесінен кейін Алматыдағы гипермаркеттердің бірінде ұзын-сонар кезек болды. Magnum өкілі Sputnik Қазақстанға айтарлықтай еш нәрсе болмағанын айтты. Жалпы алғанда сатып алушылардың саны тек 10 процентке артқан.

Бейсенбі күні Қазнетте Magnum гипермаркеттер желісінде кезекте тұрған адамдардың видеосы тарай бастады.

Magnum-ның PR қызметі дүрбелең тек Алматы және астанадағы дүкендерде болғанын айтты.

Жаңалықтар
0