17:28 11 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1156)
4892 0 0

Нұр-Сұлтанда коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді. Бұған дейін Алматыда екі қазақстандықтан коронавирус табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі кезде қосымша тағы бір адам анықталды. Үшінші науқас деп айтуға болады. Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Зертханалық талдау бойынша коронавирус инфекциясы анықталды", - деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша, науқас Миланнан транзиттік рейспен келген. Соңғы бағдары - Мәскеу-Нұр-Сұлтан. Ұшақ бортында 90 жолаушы болған. Олардың ішінде 37 – Қазақстан азаматы, 42 – Ресей азаматы, 11 – өзге елдің азаматтары.

"Ол кісі Италияда болғаны анықталды. Сөйтіп, тиісті қаулыға сәйкес, оны бірден карантинге жатқызды. Тексеріс кезінде сынама оң нәтиже берді", - деп түсіндірді министр.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қалай емделуге болатынын айтты

Бұған дейін екі қазақстандықтан коронавирус табылған болатын. Олардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген.

"Мен ол адамдардың жеке мәліметтерін айта алмаймын. Ол - заңның талабы. Біреуі - ер адам, екіншісі - әйел. Екеуі де Германиядан келген. Біріншісі 9 наурызда ұшып келген. Ал екінші пациент Қазақстанға 12-сінде, яғни кеше кешке қарай, негізі, бүгін түнде келді деуге болады", - деген болатын Біртанов бұған дейін.

Оның айтуынша, 9 наурызда ұшып келген борттағы барлық жолаушы анықталды. Олардың саны - 73 адам. 

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1156)

Тақырып бойынша

Қазақстанда коронавирус анықталды: енді не болады?
Екі қазақстандықтан коронавирус табылды - министр
Тоқаев түбегейлі өзгерістер жоспары әзірленетінін мәлімдеді
Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтып берді
Астаналық судьяның коронавирус жұқтырғаны рас па – министрдің жауабы
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып