Қоғам

Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген қызметкерден коронавирус табылды

© AFP 2024 / Noel CelisБейжіңдегі коронавирус
Бейжіңдегі коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус жұқтырған алматылық қызметкер мен онымен араласқан барлық азамат карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Halyk Bank ғимаратында консультант болып істеген алматылықтан коронавирус табылды. Бұл туралы банктің PR-қызметі хабарлады. Науқас бұған дейін коронавирус жұқтырған тоғыз адамның бірі.

"COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкері екенін халыққа хабарлау қажет деп санаймыз", - делінген ұйымның ресми сайтында.

Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес, вирус жұқтырған науқас пен онымен байланысқан барлық қызметкер қазіргі уақытта оқшауланған, карантинде жатыр.

Halyk Bank науқас та, жақын жерде болған банк қызметкерлері де  клиенттермен тікелей байланыста болмағанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кейбір сауда орындары мен базарлар ерте жабылады

Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі.

Банк бөлімшелері мен банкоматтар қалыпты режимде жұмыс істейді, барлық операция клиенттерге қолжетімді.

Қазақстанда коронавирус

13 наурыз, жұма күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді.

16 наурыз сағат 8.00 мәлімет бойынша республикада барлығы 9 адам, соның ішінде он екі жастағы бала, вирус жұқтырған: Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда – 7.

16 наурыздан 15 сәуірге дейін ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Яғни, ірі сауда орындары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен халық көп жиналатын басқа да нысандар жұмысын уақытша тоқтатады.

Жаңалықтар
0